ҚазАвтоЖол 8 өңірдің жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады

Бүгін, 09:38 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Бүгін Ақмола, Абай, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар күтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін

ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынады.

1403 – республикалық автожолдардың жай-күйі туралы тәулік бойы ақпарат алу желісі.