Жамбыл облысында балабақшада тәрбиеші екі жасар баланы ұрды деген күдікке ілінді

Бүгін, 05:45 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қордайда балабақшада тәрбиеші екі жасар баланы ұрған.

Бұл туралы зардап шеккен баланың анасы желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, 5 қазанда ұлын балабақшадан дене жарақаттарымен алып шыққан.
Бастапқыда қызметкерлер мұны "балалардың өзара төбелесі" деп түсіндірсе, кейінірек тәрбиеші "балаларды ажыратамын деп байқаусызда тиіп кетті" деген сылтау айтқан.

Балабақша басшылығы бейнежазбаны көргеннен кейін сол күні тәрбиешімен еңбек шартын бұзған.