Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азиядағы ең ірі 20 компанияның рейтингіне енді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ерекше айта кетерлігі, рейтингтің алғашқы 7 орнын мұнай-газ және қаржы секторынан бастап финтех пен жаңа технологиялар саласына дейінгі қазақстандық компаниялар иеленген.
Көшбасшылар қатарында «ҚазМұнайГаз», Kaspi.kz, «Қазатомөнеркәсіп», Freedom, Halyk Bank, Solidcore және Higgsfield бар.
Бұдан бөлек, үздік жиырмалықта инвестициялық және технологиялық компаниялар да бар. Бұл экономика құрылымының біртіндеп күрделеніп, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті қуатты жеке бизнестің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.