Асқар Омаров Халық кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

Бүгін, 17:47 / Алуа Арман
Фото: Primeminister.kz

Асқар Омаров Қазақстан Халық кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Қазақстан Халық кеңесінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Асқар Омаров 1976 жылы 30 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1997 жылы Республикалық мәдениет проблемалары орталығында бастаған. Бұдан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеп, ақпараттық агенттіктер мен мемлекеттік ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.

Әр жылдары «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігін басқарған, Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі және министрі қызметтерін атқарған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметін басқарған.

«Тұран» университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. Израиль мен Польшада тағылымдамадан өткен.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарған. 2026 жылдың 20 қазанында қызметінен босатылған.

Тэгтер:

Тағайындау кеңесші Халық кеңесі Асқар Омаров