Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 448,61 теңгені құрап, 1,91 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 21 қазанға белгілеген ресми бағамы – 1 АҚШ доллары үшін 450,69 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 447,56 теңгені, ал сатудың орташа бағамы 449,7 теңгені құрайды.
Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 445,01 теңгеден сатып алынып, 452,01 теңгеден сатылып жатыр. Ал Шымкентте долларды сатып алудың орташа бағамы 448,19 теңге болса, сату бағамы 449,84 теңгеге тең.
Еске салайық, 12 қазандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,65 теңгеге, 13 қазанда 2,68 теңгеге төмендеген. Ал 14 қазанда 2,14 теңгеге, 15 қазанда 2,93 теңгеге өскен.
16 қазанда доллар бағамы 1,79 теңгеге төмендесе, 19 қазанда 0,08 теңгеге көтерілді. Ал 20 қазандағы сауда қорытындысы бойынша АҚШ валютасы тағы да 1,79 теңгеге арзандады.