Әли Тұрғанбеков Азия Пара ойындарында күміс жүлде жеңіп алды

Бүгін, 16:45 / Інжу Әлихан
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Қазақстандық пара жүзуші Әли Тұрғанбеков V Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол ерлер арасында SB4 санаты бойынша 100 метрге брасс әдісімен жүзу финалында қашықтықты 1 минут 44,26 секундта бағындырып, екінші орын иеленді.

Алтын медальді малайзиялық Мұхаммад бин Зулкафли (1 минут 41,44 секунд) жеңіп алса, қола жүлде үндістандық Рохит Кумарға (1 минут 57,25 секунд) бұйырды.