«Мәдениетіміздің ізі бар»: Айсұлтан Сейіт A$AP Rocky-дің домбырамен түскен суретін жариялады

Бүгін, 15:18 / Інжу Әлихан
instagram / aisultan

Режиссер Айсұлтан Сейіт желідегі парақшасында америкалық рэпер A$AP Rocky-дің домбыра ұстаған суретін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін режиссер оның Shroom Clouds әніне бейнебаян түсірген болтын. Бейнебаян 19 қазанда YouTube желісінде жарық көрді.

Оның айтуынша, бұл жоба ол үшін жай ғана бейнебаян түсіруден әлдеқайда маңызды. Онда өзінің, туған жерінің және қазақ мәдениетінің бір бөлшегі бар.

«Баршаңызға жылы қолдауларыңыз үшін рақмет! Қазір ішімде ерекше сезімдер көп. Себебі бұл жұмыс мен үшін жай ғана клип деп айтуға келмейді. Мұнда менің бір бөлшегім, өскен жерімнің және мәдениетіміздің ізі бар. Бұл мен үшін бәрі мүмкін екенін, арманның шегі болмайтынын еске салатын сурет.

Осындай мүмкіндік беріп, сенім артқаны үшін Ракимге үлкен алғыс!», – деп жазды А. Сейіт.