Бұйратауда қасқырларды қуған қабан таспаға түсіп қалды

Бүгін, 10:55 / Алуа Арман
видеодан скриншот

«Бұйратау» ұлттық табиғи паркінде қасқырларды қуған қабан фототұзаққа ілінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Видеодан қабанның қасқырларды қуып бара жатқанын көруге болады. Жыртқыштар қашып құтылуға мәжбүр болған.

«Әдетте жыртқыштан қашу керек сияқты көрінеді. Бірақ бұл жолы бәрі керісінше болды. Қабан қасқырларды қуып, олар қашып кетті. Табиғатта бәрі сценарий бойынша бола бермейді!», — деді «Орман шаруашылығы» өкілдері.

 

Тэгтер:

Орман шаруашылығы қасқыр қабан Бұйратау