Қазақстан мен Өзбекстан кеден саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

Бүгін, 10:32 / Інжу Әлихан
коллаж: turkystan.kz

Құрылтай 2025 жылғы 15 қарашада Ташкентте жасалған Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы екі елдің кеден қызметі өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Келісім аясында жедел ақпарат алмасуды, қатерлердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі шараларын келісу, сондай-ақ екі мемлекеттің құзыретті органдарының жұмысын үйлестіру көзделген.

Құжаттың ережелерін іске асыру Қазақстан мен Өзбекстанның кеден органдары арасындағы іс жүзіндегі іс-қимылды нығайтуға, өзара сауданы, сондай-ақ тауарлардың, көлік пен азаматтардың мемлекеттік шекаралар арқылы қозғалысын жеделдету үшін қосымша жағдайлар жасауға жол ашады.