V Азия Пара ойындарында ерлер арасындағы W1 класы бойынша жұптық сында Темірлан Сейітқамал мен Нұршат Төлеуқасым финалда Қытай құрамасымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz
Шешуші бәсекеде қарсылас команда 6:0 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстан спортшылары күміс жүлдегер атанды.
Финалдық кездесудің үш сеті 37:31, 35:32 және 37:35 есебімен Қытай құрамасының пайдасына аяқталды.