Наиль Ермұханбет пен Руслан Әлиев Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

Бүгін, 10:05 / Інжу Әлихан
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

21 қазанда Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары пара велоспорттан үш медаль жеңіп алды. Ел қоржыны екі алтын және бір күміс жүлдемен толықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ерлер арасында B класында 20 шақырымдық жеке уақытқа жарысуда Наиль Ермуханбет пен оның пилоты Руслан Алиев 34 минут 09,17 секунд нәтижемен бірінші орын алып, Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.

Осы жарыста Кирилл Илюкевич пен оның пилоты Глеб Брусенский 35 минут 26,64 секунд нәтижемен күміс медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасында B класында өткен жеке уақытқа жарысуда қазақстандық А. Калаус пен оның пилоты П. Братчикова алтын медаль иеленді. Қазақстандық экипаж 32 минут 21,54 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті.

Екінші орынды Өзбекстан спортшылары 32 минут 45,82 секунд нәтижемен иеленсе, Сингапур өкілдері 34 минут 31,92 секунд көрсеткішпен қола жүлдегер атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы пара велоспорттан үш жүлде жеңіп алып, V Азия Пара ойындарындағы медальдар санын арттырды.