Алматыда тұрғындардың жер учаскелерін заңсыз сатқан азаматқа үкім шықты

Бүгін, 16:19 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы қаласының прокуратурасы Асқай-1А ықшам ауданындағы әлеуметтік шиеленіс ошағын талдау нәтижелері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

ПИТК төрағасы тұрғындардың ортақ үлестік меншігіндегі жер учаскелерін заңсыз сатқаны анықталды.

2026 жылғы 17 тамызда «Школьник» ПИТК-нің бұрыңғы төрағасы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Үкім заңды күшіне енді.

Осындай бұзушылықтардың алдын-алу және жауаптылықтың бұлтартпастығын көрсету мақсатында прокуратура проблемалық МИБ және ПИК төрағаларының қатысуымен істің ашық сотта қаралуын қамтамасыз етті.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде 15 мыңнан астам Ақсай-1А тұрғындарының құқықтары қорғалып, әлеуметтік шиеленіс ошағы жойылды.

Тэгтер:

жер телімі Жер учаскесі