Колумбияда алтын өндіретін кеніш опырылып, 14 адам қаза тапты

Бүгін, 12:24 / Алуа Арман
istockphoto.com

Колумбияда заңсыз алтын өндіретін кеніш опырылып, 14 адам қаза тапты, тағы 7 адам жарақат алды. Апат елдің оңтүстік-батысындағы Нариньо провинциясына қарасты Санта-Барбара-де-Искуандэ муниципалитетінің ауылдық аймағында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Провинция губернаторы Луис Альфонсо Эскобар іздестіру-құтқару жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді. Қайғылы оқиғадан кейін ол ұлттық билік пен тиісті ведомстволарды заңсыз жұмыс істейтін және шағын кеніштерді заңдастыру үдерісін жеделдетуге шақырды. Оның айтуынша, бұл еңбек жағдайларын жақсартып, кеншілердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл — өңірде болған алғашқы қайғылы оқиға емес. Тамыз айында Нариньо провинциясындағы Поликарпа қаласында шахтада болған апат салдарынан 13 адам қаза тапқан.

Колумбияның ауылдық аймақтарында пайдалы қазбаларды бақылаусыз өндіру кең таралған. Көптеген кен орындарында қажетті қауіпсіздік инфрақұрылымы жоқ. Бұл апаттардың болу және адам шығынының арту қаупін күшейтеді.

Тэгтер:

алтын Кеніш шахта Колумбия