Ақмола облысында жұмыскерлерге тиесілі үстемақылар төленбеген

Бүгін, 12:06 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысының Целиноград ауданында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбек құқықтары қорғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Целиноград ауданының прокуратурасы «Целиноград Су Арнасы» ШЖҚ МКК қызметінде еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.

Зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 107 жұмыскерге заңнамада көзделген жалақыға үстемеақылар төленбегені анықталды.

Прокуратураның ұсынуын қарау нәтижесінде жұмыскерлерге тиісті үстемеақылар белгіленіп, 2,1 млн теңге төленді.

Осылайша, 107 жұмыскердің конституциялық құқықтары қорғалды.

Азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

 

Тэгтер:

Ақмола облысы Үстемақы жұмыскер