«Өлген жоқпын»: Бағлан Әбдірайымов өзі туралы тараған қауесетті жоққа шығарды

Бүгін, 11:58 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Әнші Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желіде өзі туралы тараған жалған ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, көпшілікті шошытқан хабарламаларға таңғалғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін әнші Ердос Қанаев желіде «Бағлан бауырым Раббысына қайтты» деп қайғылы хабар жариялаған. Алайда жазба Бағлан Әбдірайымов туралы емес, Ердос Қанаевтың Бағлан есімді басқа танысына қатысты болған. Кейін бұл ақпаратты кейбір желі қолданушылары Бағлан Әбдірайымовпен шатастырып, әншіге қатысты жалған ақпарат тараған.

«Ассалаумағалейкүм! Туған күніме жақсы тілек айттыңыздар. Туған күніме орай Құран оқыттық, көкпар бердік. Бәрі жақсы өтті, Аллаға шүкір. Бата алдық, азаматтарды атқа мінгіздік. Енді жұмысқа кірісейін деп жатсақ, мынадай хабарламалар келіп жатыр. Мен таң қалдым. Таныстарым, достарым хабарласып жатыр. Адам шошитындай ақпарат. Осылай жасауға бола ма енді?! Құдайға шүкір, тіріміз ғой. Әлі жарыққа шықпаған қаншама хит әндерім бар. Енді қызық болады», - деді ол.