Шарын ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін кәмшат фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында фототұзақ Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ортаазиялық өзен кәмшатын (Lutra lutra seistanica) тіркеді.
Өзен кәмшаты — тіршілігі сумен тығыз байланысты сирек кездесетін сүтқоректі жануар. Ол негізінен өзендер мен басқа да су айдындарының жағасында мекендейді. Бұл түрдің сақталуы үшін оның табиғи мекен ету ортасын бастапқы қалпында сақтау аса маңызды.
Фототұзақ арқылы түсірілген кадрлар мамандарға кәмшаттың табиғи ортадағы тіршілігін бақылауға, оның таралу аймағын зерттеуге және сирек кездесетін жануарды қорғау шараларын жоспарлауға мүмкіндік береді.