Атыраудан Нүкіске тікелей әуе рейсі іске қосылады

Бүгін, 10:45 / Інжу Әлихан

Атырау халықаралық әуежайының ұшу бағыттарына Өзбекстанның Нүкіс қаласы қосылады, деп хабарлайды turkystan.kz АқЖайыққа сілтеме жасап. 

Атырау мен Нүкіс арасындағы тікелей рейстерді Uzbekistan Airways әуе компаниясы орындайды.

Жаңа бағыт бойынша алғашқы рейс 2026 жылғы 22 қарашаға жоспарланған.

Әуежай өкілдері бұл бағыт жаңа қаламен танысқысы келетін туристерге, сондай-ақ туыстары мен жақындарына баруды жоспарлаған жолаушыларға қолайлы болатынын атап өтті.