Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданының прокуратурасы балалардың пайдасына 37 млн теңге алимент өндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі.
Мұнайлы ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету бағытында тиісті прокурорлық шаралар қабылдады.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 22 борышкер әкімшілік, 3 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар балалардың пайдасына жалпы сомасы 37 млн теңге алимент берешегі өндірілді.
Прокуратура алимент бойынша берешекті өндіріп алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.