«Ешқандай сезімде болған жоқпын»: Дархан Мұсаев Дариға Бадықованың Олжас Абайға тұрмысқа шығуы туралы айтты

Бүгін, 07:45 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев оның Олжас Абайға тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Актер НТК арнасындағы «Не дейді» бағдарламасына қатысып, бұрынғы жұбайының жаңа өмір бастағанына көзқарасын айтты.

Дархан Мұсаевтың сөзінше, ол Дариға Бадықованың үйленгенін әлеуметтік желіден көрген. Актер бұл жаңалыққа байланысты ерекше сезімде болмағанын жеткізді.

«Адамзат үш нәрсені ұмытпайды дейді ғой. Мен өзіме тиесліні айтайын. “Подлость” жасаған адамды ұмытпайды екенсің, әсіресе ер азамат. Мен оны қатты жақсы көргенімнен емес, тек маған иттік жасағанына қатты налыдым.

Ал былай Аллаға аманаттап тастағанмын, дұғамды тіледім. Қайта қуанып жатырмын. Мен 16 жасымда анамнан айырылған адаммын. Әйел үшін жанымды ауыртып, ауырып қалатын адам емеспін. Сол үшін Аллаға аманаттадым. Жолы ашық болсын, аман болсын. Әлеуметтік желіден көрдім. Соқырдың өзі көретіндей тарап жатыр ғой. Ешқандай сезімде болған жоқпын», – деді актер.

Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың шаңырақ көтергені туралы ақпарат тараған болатын.