Танымал әнші Мақпал Жүнісова Threads әлеуметтік желісіне Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева үшеуі бірге түскен суретін жариялап, жүрекжарды сөздерін жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол жазбасында өнерде бірге жүрген замандастарына жылы лебізін жеткізген.
«Сүйгізген, сүйген, мұңдасқан,
Өмірі өлең, жыр-дастан.
Менде де арман жоқ шығар,
Сіздермен сахнаны бір басқан!», – деп жазған әнші.