«Қазақстан туралы айттым»: Танымал блогер Жозе Моуриньоға шапан жапты (ВИДЕО)

Бүгін, 16:28 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Қазақстандық тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым Мадридте әйгілі испандық «Реал Мадрид» клубының бас бапкері Жозе Моуриньюмен кездесті. Блогер оған Қазақстанда өндірілген Coca-Cola сусынын апарып, иығына шапан сыйлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дастанның айтуынша, оның видеосын Coca-Cola компаниясының өкілі байқап, блогерді Мадридке шақырған. Оған Моуриньюге дәм татқызу үшін Қазақстанда өндірілген сусынды өзімен бірге алып келу ұсынылған.

Бапкер қазақстандық Coca-Cola-ның дәмін татып, шапанды киіп көрді. Кездесуден кейін олар естелік суретке түскен.

«Тағы бір ерекше жаңалық! Жақында ғана сіздерге Қазақстанның көпшілік біле бермейтін мақтан тұтар жетістіктерін көрсетіп жүрген едім. Ал бүгін, міне, аты аңызға айналған Жозе Моуриньюдің өзіне Қазақстан туралы айтып тұрмын. Мен үшін бұл – ерекше әрі ұмытылмас сәт», – деп жазды блогер.