Елордалық балабақша бүлдіршіндері Республика күніне ән арнады (ВИДЕО)

Бүгін, 16:07 / Інжу Әлихан
Астана әкімдігі

Астанадағы №93 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушілері 25 қазан – Республика күніне орай патриоттық ән орындады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, мерекеге арналған ән арқылы бүлдіршіндер туған жерге деген сүйіспеншілігін, Отанға деген құрметін жеткізді.

Балабақшада балаларды жастайынан отансүйгіштікке тәрбиелеуге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Республика күніне арналған бұл бастама да бүлдіршіндердің бойында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған.

Тэгтер:

Республика күні