«Жас Отан» Жастар қанаты орталық кеңесінің жаңа құрамы анықталды

«Жас Отан» Жастар қанаты орталық кеңесінің жаңа құрамы анықталды

«Жас Отан» Жастар қанаты орталық кеңесінің жаңа құрамы анықталды
ашық дереккөзі

Жалынды ел жастарының басы қосылған «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ІІІ Кезектен тыс Съезі «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудың басты бағыттары мен «Жас Отан» Жастар қанатының 2020 жылға дейінгі Бағдарламасын қабылдады. Бас қаладағы жиынға қатысқан жастардың барлығы ұлтының ертеңі үшін бей-қам жүрмейтін жастар екендігін көрсетті. Және дәл осы күні «Жас Отан» жастар Қанатының орталық кеңесінің жаңа құрамы анықталды.

Бұл құрамға еліміздің ең белсенді жас азаматтары анықталып отыр. 50 жаңа құрамның қатарында «Жас Отан» Жастар қанатының Атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов, «Жарасым» республикалық жастар ұйымдарының төрағасы Расул Ахметов, ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы Илья Ильин, гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Анна Алябьева, «Хабар» телеарнасының жүргізушісі Нұрсұлтан Құрманов, «Жас Отан» жастар қанатының Атқарушылық хатшылығының жетекшісі Ермек Мақашев, «Жас Отан» жастар қанатының Атқарушылық хатшылығының жетекшісі Аян Сакошев,  КИМЭП түлектері ассоциациясының жетекшісі Мұрагер Сауранбаев, Павлодар облысының ҚХА жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы, республикалық ҚХА мүшесі Элина Паули және ҚазҰУ-дың «Сұңқар» студенттер кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, экономика және бизнес жоғары мектебінің магистранты Айдана Сыдықова бар. Съезде сөз алған Елбасы осы жастарға үлкен міндет жүктеп, оларға ерекше сенім білдірді. Кеңестің жаңа мүшелері 1,5 миллион адамның мүддесіне өкілдік етеді. Ел жастарының элитасы болып отырған бұл көшбасшылардың болашаққа деген жоспарлары да айқын. Олар ел ертеңіне үлкен сеніммен, стратегиялық маңызы бар жобаларды барынша талқылап, ел мүддесін қорғайтын болады.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

[gallery size="medium" td_select_gallery_slide="slide" ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE1XC8wNFwvSWx5YS1JbGluLmpwZyIsInRpdGxlIjoiXHUwNDE4XHUwNDNiXHUwNDRjXHUwNDRmIFx1MDQxOFx1MDQzYlx1MDQ0Y1x1MDQzOFx1MDQzZCIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE1XC8wNFwvTnVyc3VsdGFuLUt1cm1hbm92LmpwZyIsInRpdGxlIjoiXHUwNDFkXHUwNGIxXHUwNDQwXHUwNDQxXHUwNGIxXHUwNDNiXHUwNDQyXHUwNDMwXHUwNDNkIFx1MDQ5YVx1MDRiMVx1MDQ0MFx1MDQzY1x1MDQzMFx1MDQzZFx1MDQzZVx1MDQzMiIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE1XC8wNFwvRWxpbmEtUGF1bGktY29waXlhLmpwZyIsInRpdGxlIjoiXHUwNDJkXHUwNDNiXHUwNDM4XHUwNDNkXHUwNDMwIFx1MDQxZlx1MDQzMFx1MDQ0M1x1MDQzYlx1MDQzOCBcdTIwMTQgXHUwNDNhXHUwNDNlXHUwNDNmXHUwNDM4XHUwNDRmIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE1XC8wNFwvUmFzdWwtQWhtZXRvdi5qcGciLCJ0aXRsZSI6Ilx1MDQyMFx1MDQzMFx1MDQ0MVx1MDQ0M1x1MDQzYiBcdTA0MTBcdTA0NDVcdTA0M2NcdTA0MzVcdTA0NDJcdTA0M2VcdTA0MzIiLCJjYXB0aW9uIjoiIiwiYWx0IjoiIiwiZGVzY3JpcHRpb24iOiIifQ==,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE1XC8wNFwvQXlhbi1TYWNvc2hldi1jb3BpeWEuanBnIiwidGl0bGUiOiJcdTA0MTBcdTA0NGZcdTA0M2QgXHUwNDIxXHUwNDMwXHUwNDNhXHUwNDNlXHUwNDQ4XHUwNDM1XHUwNDMyIFx1MjAxNCBcdTA0M2FcdTA0M2VcdTA0M2ZcdTA0MzhcdTA0NGYiLCJjYXB0aW9uIjoiIiwiYWx0IjoiIiwiZGVzY3JpcHRpb24iOiIifQ==,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE1XC8wNFwvQWpkYW5hLVN5ZHlrb3ZhLmpwZyIsInRpdGxlIjoiXHUwNDEwXHUwNDM5XHUwNDM0XHUwNDMwXHUwNDNkXHUwNDMwIFx1MDQyMVx1MDQ0Ylx1MDQzNFx1MDQ0Ylx1MDQ5Ylx1MDQzZVx1MDQzMlx1MDQzMCIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9"]