Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесуден Әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді.