Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының екі бөлім басшысын тағайындады

Бүгін, 14:46 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекет басшысының өкімдерімен Арман Әбдірәсілов пен Азамат Дүйсембеков лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды;

Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", – делінген ақпаратта.