Иранда 90 жасөспірім өлім жазасына кесілген
Иранда 90 жасөспірім өлім жазасына кесілген
Біріккен Ұлттар Ұйымы Иран билігін қылмыс жасаған кәмелет жасына толмағандарды өлім жазасына кесуден бас тартуға шақырды.
«Иран адам құқығы жөніндегі халықаралық құқық талаптарын сақтауы тиіс»,- деп айтылған БҰҰ-ның ресми мәлімдемесінде.
Сарапшылардың айтуынша, түрме қабырғасында өлім жазасын күткен жасөспірімдердің психологиялық тұрғыдан алатын соққысы жанын жаралап, өлімнен де бетер азапқа душар етеді.
Айта кетейік, Иран заңнамасы бойынша кешірілмейтін қылмыс жасаған жағдайда қыз балалар 9 жасынан, ал ер балалар 15 жасынан бастап өлім жазасына кесіледі. Мәліметке қарағанда, Иранда жасы 18-ден төмен кем дегенде 90 жасөспірім өлім жазасына кесілген екен.