Президент атынан 5 жас ғалымға тұрғын үй сертификаты табысталды

Бүгін, 12:38 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған салтанатты жиында ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының бес жас ғалымына Мемлекет басшысының атынан тұрғын үй сертификаттары табысталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Солардың бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті Археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы Әйгерім Есенаманова.

Жас ғалым үшін бұл – ғылым жолындағы еңбегіне берілген жоғары баға әрі болашаққа деген сенімді нығайтатын маңызды қолдау. Тұрғын үй сертификатының иегері атанған Әйгерім Серікқызы өз қуанышымен бөлісіп, жас ғалымдарға көрсетіліп отырған қолдау үшін алғысын білдірді.