Ақмола облысындағы ауданда жылу мен ауызсу тарифтері төмендетілді

Бүгін, 11:00 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

1 қарашадан бастап Зеренді ауданының тұрғындары мен ұйымдары үшін жылу энергиясы мен су тарифтері төмендетілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талдау барысында «Зеренда Сервис» ШЖҚ МКК табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарын бұза отырып, тарифтік сметада негізсіз жоғарылатылған шығыстарды көздегені анықталды

Зеренді ауданы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде Гранитный кентінде тұтынушылар үшін жылу энергиясының орташа босату тарифі 1 Гкал үшін 4 014,60 теңгеден 1 121,22 теңгеге дейін, яғни 72,07%-ға төмендетілді.

Зеренді ауылында жылу энергиясының орташа босату тарифі 1 Гкал үшін 7 915,48 теңгеден 6 326,64 теңгеге дейін, яғни 20,07%-ға төмендеді.

Сумен жабдықтау қызметі бойынша тариф 1 м³ үшін 254,97 теңгеден 234,00 теңгеге дейін, яғни 8,22%-ға төмендетілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 70 кәсіпкерлік субъектісін қоса алғанда, 2 903 тұтынушының құқықтары қорғалды.

Анықталған бұзушылықтар үшін «Зеренда Сервис» ШЖҚ МКК әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,8 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.