Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарында оқ атудан алтын жүлде еншіледі

Бүгін, 09:33 / Інжу Әлихан
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Айчи-Нагоя Азия Пара ойындарында пара оқ атудан пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа нысана көздеуден R1 дисциплинасында Еркін Ғаббасов 249.1 ұпай жинап, чемпион атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сондай-ақ ол жарыстың рекордын орнатып, Лос-Анджелес-2028 Паралимпиада ойындарына жолдама алды.

Екінші орынды Корея елінің спортшысы Парк Джинхо(248 ұпай), үшінші орынды Ли Джанхо(226 ұпай) алды.

Айта кетейік, бұған дейін Еркін Ғаббасов Парарлимпиада ойындарында пара оқ атудан күміс медальді жеңіп алған.