Қазақстан ерлер құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда отандастарымыз Мысыр құрамасынан 45:40 есебімен басым түсіп, үздік төрт команданың қатарына енді.
Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан намысын Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов қорғап жатыр.
Финалға шығу үшін қазақстандық семсерлесушілер Франция құрамасымен кездеседі.