Астанада қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған тұрғын 15 тәулікке қамалды

18 қазан, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астанада қоғамдық орында жалаңаштанып жүрген ер адам 15 тәулікке қамауға алынды, де хабарлады елорданың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

"Іс материалдарына сәйкес, Қ. қоғамдық орында бөгде адамдардың көзінше жалаңаш күйде жүрген. ️Осылайша, ол қоғамдық нормалары мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларға анық құрметтемеушілік танытқан, азаматтардың ар-намысы мен тыныштығына нұқсан келтіретін жағдай туғызған", - делінген хабарламада.

Сот отырысында ер адам өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу не 5 тәуліктен 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.

️Сот айыпталушыны осы бапқа сәйкес кінәлі деп танып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.

"Сот жазаны тағайындау кезінде қоғамға теріс ықпал ететін, қоғамды құрметтемеушілікті білдіретін және әдепсіз мінез-құлықпен көрініс тапқан әрекеттің сипатын, сондай-ақ әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, құқық бұзушылық жасаған адамды заң талаптарын сақтауға және құқықтық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу, жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсаттарын назарға алды", - делінген хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.