Қазақстан Францияны жеңіп, семсерлесуден әлем кубогінің алтын жүлдесі үшін бақ сынайды

18 қазан, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінің жартылай финалында Франция құрамасын жеңді.

Шпагамен семсерлесуден сынға түскен отандастарымыз қарсыластарын 45:40 есебімен ұтып, кем дегенде күміс медальді қамтамасыз етті.

Енді ұлттық құрама жарыстың алтын жүлдесі үшін Ресей құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы ширек финалда Мысыр спортшыларын 45:40 есебімен жеңген болатын.