Балуан Мерей Базарбаев U23 әлем чемпионатының финалына өтті

Бүгін, 11:36 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты жалғасуда.

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта Мерей Базарбаев финалға жолдама алды.

Отандасымыз жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумені 7-0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. 

Осылайша Мерей Базарбаев алтын жүлде үшін бақ сынайды. Оның финалдағы қарсыласы түркиялық Бекир Кесер болмақ.