Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан хоккейден Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды.
Турнирдегі соңғы ойында қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Корея құрамасын 5:1 есебімен жеңіп, үшінші орынға ие болды.
Бұған дейін ұлттық құрама Жапонияға (0:4) және Қытайға (1:2) есе жіберген еді. Енді осы екі команда Азия чемпионатының алтын медалі үшін таласады.