Алматыда қойма өртенді

Бүгін, 11:44 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Алматы қаласының Алмалы ауданында, Жамбыл көшесінде екі ярусқа орналастырылған 40 контейнерден жабдықталған қоймада өрт шықты.

Өрт екі қабатты әкімшілік ғимаратқа ішінара таралған.

Қойманың ішінде тауарлық-материалдық құндылықтардың көп болуы, жоғарғы температура және ішке кірудің қиындығы өрт сөндіру жұмыстарын күрделендірді.

Өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ.