Астанада автобуста қызға тиіскен ер адам ұсталды

Бүгін, 10:56 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Астанада автобуста қызға қатысты әдепсіз әрекет жасаған ер адам қамауға алынды.

"Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте ер адамның әдепсіз әрекеттеріне тап болғаны туралы қыздың жарияланымын анықтады", - дейді полиция.

Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде 46 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.

Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Полиция азаматтарға қатысты кез келген әдепсіз әрекет пен құқыққа қайшы мінез-құлыққа жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер үшін заңда белгіленген жауапкершілік көзделгенін ескертеді.