Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жарияланған күнтізбеге сәйкес, 2027 жылы Рамазан айы 8 ақпанда басталып, 8 наурызда аяқталады. Ал Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.
Құрбан айт мерекесі 16-18 мамыр аралығында аталып өтеді.
ҚМДБ мәліметінше, хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде есептелген. Дегенмен діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге өзгеруі мүмкін.