Президент Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Бүгін, 15:48 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Пешавардағы мектеп ғимараты шатырының опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты. 

Мемлекет басшысы Пәкістан халқының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.