Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манет Қазақстанға ресми сапармен шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнағанына 30 жылдан асқанын атап өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Кездесу барысында тараптар саяси диалогты, сауда-экономикалық байланыстарды және көпжақты алаңдардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.
Хун Манеттің айтуынша, екі ел энергетика саласындағы ықпалдастықты тереңдетіп, өзара тиімді бағыттарды айқындай алады. Сондай-ақ Камбоджа Қазақстанның электронды үкімет саласындағы жетістіктері мен озық әзірлемелеріне қызығушылық танытып отыр.
«Бүгін энергетика секторындағы ықпалдастықты тереңдету мүмкіндігі туып отыр деп ойлаймын. Ведомстволарымызға өзара мүдделі бағыттарды анықтауды тапсыра аламыз. Қазақстан электронды үкімет бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізді әрі озық әзірлемелерге ие. Біздің министрліктеріміз осы салада тәжірибе алмасуға қызығушылық танытып отыр», – деді Камбоджа Премьер-министрі.