Түркістан облысында зауыт аумағынан өрт шықты

Бүгін, 11:03 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Түркістан облысының Кентау қаласында зауыт аумағындағы сорғы станциясында өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ.

Төтенше жағдай туралы хабарлама түскен соң оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері, «Ащысай» АҚ-ның ерікті өрт сөндірушілері және тиісті қызметтер жедел жетті.

Өрт сөндірушілердің мәліметінше, жеке тұрған сорғы станциясының ғимаратында трансформатор майының қалдықтары тұтанған.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.