Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ерсі әрекет жасаған екі ер адам ұсталды

Бүгін, 22:26 / Жамбыл Жайлау

Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберісінде қоғамдық тәртіпті бұзған екі ер адам полицияның қолына түсті. Олардың әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елордалық полицияның мәліметінше, оқиғалардың бірінде ер адам баспалдақ алаңында тұрған балалар арбасының жанында іш киімін шешкен. Ал екінші азамат тек іш киіммен жүріп, лифтіні бүлдіруге әрекеттенген.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан кейін полиция қызметкерлері екі азаматтың да жеке басын анықтады. Олар 27 және 30 жастағы ер адамдар болып шықты.

"Ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін екі ер адам да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытша ұстау бөліміне қамалды", – деп хабарлады елордалық полиция.

Бұдан бөлек, 30 жастағы азаматтың қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені анықталған. Осы әрекеті үшін де оған қатысты әкімшілік шара қабылданды.

Құқық қорғау органдары жиналған материалдарды тиісті шешім шығару үшін сотқа жолдады.

Тэгтер:

Астана