Жаңалықтар

Тимур Жақсылықов, Ұлттық экономика вице-министрі: Ортақ валюта болмайды

ашық дереккөзі

Тимур Жақсылықов, Ұлттық экономика вице-министрі: Ортақ валюта болмайды

Еуразиялық экономикалық одақта ортақ валюта құру көзделмеген. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді.

«Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ валюта енгізу мүмкіндігіне байланысты нақты ұстанған бағыты бар екендігін атап өтуі керек. Біз бұл сұрақты талқыламаймыз. Валюталы одақ қалыптастыру және бірыңғай валюта енгізу ЕАЭО-да қарастырылмаған және мұндай жұмыс жүргізілмейді», — деді Жақсылықов. Сондай-ақ ол ЕАЭО аясында 2025 жылға дейін тек қаржылай нарықты реттеу саласындағы заңдарды үйлестіруді жүргізу жоспарланғандығын атап өтті. «Бұл жерде қандай-да бір валюталы немесе монетарлы одақ пен оның перспективасы жөнінде айтылмайды», — деп түсіндірді ол. Айта кетейік, осы жылдың көктемінде ресейлік БАҚ Ресей президенті Владимир Путин елдің қаржылай ұйымдарына ЕАЭО аясында ортақ валюта енгізу мәселесін зерттеуді тапсырғандығын хабарлаған еді. Ал одаққа мүше елдер мұндай жоспардың жоқ екендігінмәлімдеді.