Астанада телефонға алаңдаған автобус жүргізушісі 57 жастағы әйелді қағып кеткен

Бүгін, 17:51 / Алуа Арман
istockphoto.com

Автобус жүргізушісі көлік құралын басқарып келе жатып, ұялы телефон арқылы сөйлескен кезде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы әйелді қағып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жәбірленуші алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан ауруханада қайтыс болды.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен оған 2 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Елорда прокуратурасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады, сондай-ақ көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалануға қатаң тыйым салынғанын еске салады.

Тэгтер:

Автобус жүргізуші телефон