Шығын – 245 млн теңге: Алматыда жалған шот-фактура жасағандар сотталды

Бүгін, 17:47 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматыда жалған шот-фактураларды пайдалану схемасы арқылы салық төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 245 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.

Бір топ адам тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді іс жүзінде тиеп жібермей, жалған шот-фактураларды жазып беру қылмыстық схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген және оны процестік прокурор сүйемелдеген.

Сот екі адамға қатысты ҚР ҚК-нің 216-бабы 3-бөлігімен айыптау үкімін шығарды.

Сотталушылардың бірі қылмысты ұйымдастыруда, екіншісі – көмектесуде кінәлі деп танылды, сотталғандар сот залында қамауға алынды.

Алматы қаласының прокуратурасы мемлекеттік мүдделерді қорғауға және кәсіпкерлік саладағы заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық қылмыстарды анықтау және жолын кесу жөнінде дәйекті жұмысты жалғастыруда.

Тэгтер:

Алаяқ Сот салық үкім шығын шо фактура