Жыл басынан бері биржадағы доллар саудасы 50%-ға өсті

Бүгін, 12:38 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасының (KASE) валюта нарығындағы сауда көлемі тоғыз айда 51,2 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,1%-ға көп, деп хабарлайды turkystan.kz.

KASE баспасөз қызметінің мәліметінше, ақшалай мәндегі өсім 17,1 трлн теңгені құрады. Валюталық сауданың орташа күндік көлемі 279,6 млрд теңгеге жетті. Үшінші тоқсанда сауда көлемі 19,6 трлн теңгені құрап, алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 13%-ға өсті.

Негізгі валюталық жұп — АҚШ доллары мен теңге. Оның үлесіне жалпы сауда көлемінің 75,8%-ы тиесілі. Тоғыз айда USD/KZT валюталық жұбындағы сауда көлемі 73,2%-ға артты.

Қыркүйек айының соңында доллардың биржадағы орташа өлшенген бағамы 440,49 теңгені құрады. Қарастырылып отырған кезеңде доллар бағамы 438,25 теңгеден 515,50 теңгеге дейінгі аралықта болды.

Бұған дейін шетелдік бағалы қағаздармен сауда көлемі 20,6%-ға өскені хабарланған болатын.

Тэгтер:

Доллар Валюта сауда биржа нарық қор