C, D және E санаттарына қандай отбасылар жатады? – Министрлік түсіндірді

Бүгін, 12:19 / Інжу Әлихан
Фото: ЖИ

Қазақстанда отбасының әлеуметтік жағдайын бағалағанда тек табысы ғана емес, басқа да көрсеткіштер ескеріледі. Мәселен, отбасы мүшелерінің жұмысы, баспанасының болуы, мүлкі, несиелері мен жинақтары назарға алынады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отбасының санаты бір ғана көрсеткішке қарап анықталмайтынын ескеру маңызды. Отбасының цифрлық картасы 50-ден астам өлшемшартты ескереді. Олардың қатарында табыс деңгейі, жұмыспен қамтылуы, тұрғын үй жағдайы, мүлкі, көлігі, несиелері, кәсібінің, жер учаскесінің және жеке қосалқы шаруашылығының болуы, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы бар.

Отбасының өмірлік жағдайы өзгерсе, оның санаты да қайта қаралуы мүмкін.