ТЖМ ұшағымен медициналық көмекке мұқтаж екі нәресте Қызылорда қаласынан Алматы қаласына жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Медициналық көмекке мұқтаж екі нәрестені жедел жеткізу үшін ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» әуе кемесімен «Қызылорда - Алматы» бағыты бойынша арнайы санитариялық рейс орындалды.
Алматыға жеткеннен кейін сәбилер қажетті медициналық көмекті одан әрі көрсету үшін бейінді медициналық мекеменің дәрігерлеріне тапсырылды.