Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысы шектелді

Бүгін, 09:58 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысындағы жолдардың бірінде тұманға байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖД мәліметінше, шектеу ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда ауа температурасының төмендеуі мен тұманға байланысты енгізіліп отыр.

«Облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 82-145 шақырымында (Тайынты ауылы мен Самар ауылының арасы) дөңгелегі қыстыққа ауыстырылмаған көлік құралдарына, тіркеме және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалысқа шектеу енгізілді», – делінген ақпаратта.

Құтқарушылар өңір тұрғындарына жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.