Балуан Шұғыла Өмірбек әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Бүгін, 09:35 / Алуа Арман
Спортты дамыту дирекциясы

​АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында күрес түрлерінен U23 әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін әйелдер күресінен 55 кг дейінгі салмақтағы Қазақстан командасының спортшысы Шұғыла Өмірбек қола медаль жеңіп алды. Қазақ плауаны 3-орын үшін белдесуде украиналық Снежана Онуфриевамен күш сынасты. Тартысты кездесу 11-10 есебімен Шұғыланың пайдасына шешілді.

Еске сала кетейік, Шұғыла Өмірбек былтыр дәл осы жас санатында әлем чемпионы атанған.

Тэгтер:

әлем чемпионаты Балуан қола медаль әйелдер күресі Шұғыла Өмірбек