Маңғыстауда қарақұрт жұтып қойған 2 жасар қыз жансақтау бөліміне түсіп қалды

Бүгін, 09:16 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Маңғыстау облысында екі жасар қыз қарақұртқа қатысты оқиғадан кейін жансақтау бөліміне түсті. Бүлдіршін он күн бойы комада жатып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлердің көмегімен жағдайы тұрақтанып, қыз үйіне шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Мереке Бекбаевтың айтуынша, қыз аудандық ауруханадан медициналық авиация арқылы облыс орталығына жеткізілген. Ауруханаға түскен кезде оның жағдайы аса ауыр болған.

Дәрігерлер қарқынды ем жүргізіп, қарақұрт уына қарсы сарысуды екі рет енгізген. Он күннен кейін қыз комадан шығып, өздігінен тыныс ала бастаған. Жағдайы тұрақтанған соң бейінді бөлімге ауыстырылып, тағы төрт күн ем қабылдаған. Кейін үйіне шығарылған.